KZ RU EN
Артқа

Түркітілдес елдердің VI халықаралық конференциясы «Ана мен баланы қорғаудағы заманауи трендтер»

21.05.2026 09:00 - 22.05.2026 18:00

Құрметті әріптестер, қадірлі қатысушылар!


Қазақстан Республикасы «Астана медицина университеті» КеАҚ

акушерлік және гинекология №2 кафедрасы

Сіздерді


«Ана мен бала денсаулығын қорғаудағы заманауи трендтер – 2026» тақырыбындағы

түркітілдес елдердің VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына

қатысуға шақырады.


Конференция 2026 жылғы 21–22 мамыр күндері

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49А мекенжайында өтеді.


Конференцияға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының ғалымдары, сондай-ақ жас ғалымдар – студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады деп күтілуде.


Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің барлық мүдделі мамандары мен жас ғалымдары қатыса алады.


Бөлімдер:

Акушерлік-гинекологиялық қызметтің өзекті мәселелері

Оперативті акушерліктің өзекті мәселелері

Оперативті гинекологияның өзекті мәселелері (эндоскопиялық және лапароскопиялық гинекология, ағза сақтаушы операциялар)

Онкогинекология және онкомаммологияның өзекті мәселелері

Эндокринологиялық және эстетикалық гинекологияның өзекті мәселелері

Балалар мен жасөспірімдер гинекологиясының өзекті мәселелері


Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.


Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағында баяндамалардың тезистері жарияланады (тезистерде ұсынылған зерттеу нәтижелері бойынша этикалық комитеттің рұқсаты болған жағдайда).


Конференцияға қатысу үшін 2026 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) тіркеліп, баяндама тезистерін келесі электрондық пошта арқылы жіберу қажет:

smailova_lazat@mail.ru


Конференция бағдарламасы ұйымдастыру комитетіне ұсынылған баяндамалар тезистері негізінде қалыптастырылады.


(Тіркелу формасына сілтеме 2026 жылғы 1 сәуірден 20 мамырға дейін қолжетімді болады.

Конференцияға қосылу сілтемесі, идентификаторы мен кіру коды конференцияға 2 күн қалғанда жіберіледі.)


Төлем реквизиттері:

Компания: «Найри Травел» ЖШС

ЖСН/БСН: 100940016297

ЖСК (ИИК): KZ906017111000009132

КБе: 17

Банк: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БСК (БИК): HSBKKZKX

Валюта: 15 000 теңге (30$)

Файлдар

  • Ақпараттық хат_Информационное письмо Жүктеу
Тіркелу уақыты 01.04.2026 08:00 басталады!
Тіркелу жабық