III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Көпсалалы стационар жағдайында экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді жүргізу»
10.04.2026 09:00 - 11.04.2026 18:00
2026 жылғы 10–11 сәуір күндері «Астана медицина университеті» КеАҚ, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «№2 қалалық көпбейінді ауруханасы» және «GastroHepatoTransplantGroup» қоғамдық бірлестігі бірлесіп,
«Көпбейінді стационарда экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді жүргізу» тақырыбындағы
III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты – жүкті әйелдердегі соматикалық экстрагениталды патология туралы хабардарлықты арттыру, білім мен тәжірибе алмасу, диагностика мен емдеуге қатысты халықаралық клиникалық ұсынымдарға шолу жасау.
Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, озық әдістер мен технологияларды меңгеріп, сондай-ақ біліктілікті арттыру мәселелерін талқылай алады.
Конференция жұмысына қазақстандық және шетелдік ғалымдар, денсаулық сақтау саласының басшылары мен практикалық дәрігерлер (пульмонологтар, неврологтар, эндокринологтар, нефрологтар, ревматологтар, кардиологтар, гастроэнтерологтар, жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, акушер-гинекологтар және басқа да мамандар), оқытушылар, магистранттар мен докторанттар, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың өкілдері, резидент-дәрігерлер мен интерндер шақырылады.
Конференция аясында гастроэнтерология, эндокринология және ультрадыбыстық диагностика бойынша мастер-кластар өткізіледі.
Конференция мен мастер-кластар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Конференция тілдері: қазақ, орыс.
Формат: онлайн/офлайн.
Конференцияға қатысу үшін онлайн тіркелу 2026 жылғы 01.04–10.04 аралығында жүргізіледі.
Конференция өтетін мекенжай:
Астана қаласы, ШЖҚ МКК «№2 қалалық көпбейінді ауруханасы», Т. Рысқұлов көшесі, 6.
Мастер-кластарға тіркелу сілтемесі:
https://forms.gle/qXwsohkSKxKottof6