KZ RU EN
Артқа

«Асқазан-ішектен қан кету: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы халықаралық қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция

17.04.2026 09:00 - 17.04.2026 18:00

«Астана медицина университеті» КеАҚ Сізді 2026 жылғы 17 сәуірде «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында өтетін «Асқазан-ішектен қан кету: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференция ұйымдастырушылары:

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы;

«Астана медицина университеті» КеАҚ;

Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ;

Астана қаласы хирургтарының қауымдастығы.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы:

Асқазан-ішектен қан кетудің этиологиясы мен патогенезі;

Заманауи диагностика әдістері;

Шұғыл көмек тактикасы;

Эндоскопиялық және хирургиялық емдеу әдістері;

Клиникалық тәжірибедегі қателіктер мен асқынулар.

Конференция қатысушылары:

Хирург дәрігерлер, терапевтер, гастроэнтерологтар, анестезиолог-реаниматологтар, эндоскопистер, интервенциялық хирургтар, докторанттар, резиденттер, магистранттар.

Қатысу формасы: оффлайн.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Конференция офлайн форматта өтеді. Қатысу түрлері: күндізгі (баяндама, постерлік баяндама), сырттай (тезистер жариялау). Конференция тілдері — қазақ, орыс, ағылшын.

Файлдар

  • Іс-шара туралы ақпарат / Информация о мероприятии Жүктеу
Тіркелу уақыты 17.04.2026 09:00 басталады!
Тіркелу жабық