KZ RU EN
Артқа

Медициналық білім беру бойынша халықаралық конференция: «Bridging Clinical Innovation, Medical Education and Artificial Intelligence»

03.05.2026 09:00 - 06.05.2026 18:00

Сіздерді 2026 жылғы 03–06 мамыр аралығында Астана және Қарағанды қалаларында (Қазақстан Республикасы) өтетін «Клиникалық инновациялар, медициналық білім беру және жасанды интеллектті байланыстыру» атты медициналық білім беру жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз

Конференция қазіргі денсаулық сақтау жүйесіне клиникалық инновациялар, медициналық білім беру, жасанды интеллект және цифрлық технологияларды интеграциялау мәселелерін талқылауға бағытталған. Іс-шара жетекші сарапшыларды, ғалымдарды, медициналық университеттер мен клиникалардың, индустрия мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіреді.

Конференцияға Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Словения, Литва, Беларусь, Ресей, Жапония, Пәкістан, Польша және Чехия елдерінің жетекші медициналық университеттері мен ғылыми орталықтары қатысады.
250-ден астам халықаралық және республикалық деңгейдегі қатысушылар күтілуде.

Конференция аясында келесі іс-шаралар өткізу жоспарлануда:

·пленарлық отырыстар;

·панельдік пікірталастар:

1.  Клиникалық практикадағы медициналық технологиялар мен жабдықтар;

2.  Медициналық білім беру, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар;

· постерлік баяндамалар сессиясы;

· медициналық және симуляциялық жабдықтар көрмесі;

· халықаралық ғылыми және білім беру ынтымақтастығының перспективаларын талқылау.

Сонымен қатар, конференция аясында Қытайдың жетекші профессорларының қатысуымен онкология, ортопедия және нейрохирургия бағыттары бойынша көрсетілімдік операциялармен практикалық шеберлік сабағын өткізу жоспарлануда.

Қатысуға мыналар шақырылады:

·жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар;

·медициналық университеттер мен клиникалар;

·халықаралық академиялық және клиникалық серіктестер;

·медициналық және фармацевтикалық индустрия өкілдері.

Конференция біліммен алмасуға, ғылыми нәтижелерді (оның ішінде постерлік баяндамалар форматында) ұсынуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға және медициналық білім беру мен практикалық денсаулық сақтау саласындағы инновациялық шешімдерді ілгерілетуге тиімді алаң болады.

Жұмыс тілі: ағылшын тілі.

Тіркелу 2026 жылғы 10 сәуірге дейін келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://events.amu.kz/event.php?id=23&lang=kz

Өткізу орны:

· «Астана медицина университеті» КеАҚ (2026 жылғы 3–5 мамыр), Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49А;

· Қарағанды медицина университеті (2026 жылғы 6 мамыр), Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40.

Аталған конференцияға белсене қатысуларыңызға және ұйымдарымыз арасындағы  ынтымақтастықтың одан әрі дамуына үміт білдіреміз.

 

Тіркелу уақыты 26.03.2026 09:00 - 11.04.2026 23:59 аралығында ашық болады!