Медициналық білім беру бойынша халықаралық конференция: «Bridging Clinical Innovation, Medical Education and Artificial Intelligence»
04.05.2026 09:00 - 05.05.2026 18:00
Сіздерді 2026 жылғы 04–05 мамыр аралығында Астана және Қарағанды қалаларында (Қазақстан Республикасы) өтетін «Клиникалық инновациялар, медициналық білім беру және жасанды интеллектті байланыстыру» атты медициналық білім беру жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз
Конференция
қазіргі денсаулық сақтау жүйесіне клиникалық инновациялар, медициналық білім
беру, жасанды интеллект және цифрлық технологияларды интеграциялау мәселелерін
талқылауға бағытталған. Іс-шара жетекші сарапшыларды, ғалымдарды, медициналық
университеттер мен клиникалардың, индустрия мен халықаралық ұйымдардың
өкілдерін біріктіреді.
Конференцияға
Қазақстан, Қытай, Беларусь, Ресей және Өзбекстан елдерінің жетекші медициналық
университеттері мен ғылыми орталықтары қатысады.
250-ден астам халықаралық және республикалық деңгейдегі қатысушылар күтілуде.
Конференция
аясында келесі іс-шаралар өткізу жоспарлануда:
·пленарлық отырыстар;
·панельдік пікірталастар:
1. Клиникалық
практикадағы медициналық технологиялар мен жабдықтар;
2. Медициналық білім беру, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар;
· медициналық және
симуляциялық жабдықтар көрмесі;
· халықаралық ғылыми және
білім беру ынтымақтастығының перспективаларын талқылау.
Сонымен қатар,
конференция аясында Қытайдың жетекші профессорларының қатысуымен онкология,
ортопедия және нейрохирургия бағыттары бойынша көрсетілімдік операциялармен
практикалық шеберлік сабағын өткізу жоспарлануда.
Файлдар
- Программа Жүктеу