«OphthalmoBridge: теориядан клиникаға» атты резидент-офтальмологтар үшін өткізілетін ғылыми-практикалық конференция
15.05.2026 09:00 - 15.05.2026 18:00
«Астана
медицина университеті» КеАҚ офтальмология кафедрасы сіздерді «OphthalmoBridge: теориядан клиникаға»
атты резидент-офтальмологтар үшін өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияға
қатысуға шақырады. Конференция 2026
жылдың 15 мамыр күні өтеді.
Іс-шараның
мақсаты – резиденттердің практикалық және теориялық білімдерін нығайту,
қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ пациенттерді қадағалаудың
тиімділігін арттыру. Арнайы назар клиникалық жағдайларды талдауға, практикалық
дағдыларды жетілдіруге және офтальмологиялық ауруларды диагностикалау мен
емдеуде мультидисциплинарлық тәсілді қолдануға аударылады.
Конференция
бағдарламасы диагностикалаудың, пациенттерді қадағалаудың заманауи әдістерін,
практикалық дағдыларды жетілдіруді, сондай-ақ қазіргі қарап-тексеру әдістері
мен хирургиялық техникаларды меңгеруді қоса алғанда офтальмологияның негізгі
бағыттарын қамтиды.
Баяндама тақырыптарын 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жолдауды
сұраймыз. Қатысушылар
баяндаманы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсына алады. Конференция офлайн
форматта ұйымдастырылады.
Өткізу күні:
2026 жылғы 15 мамыр.
Уақыты:
сағат 09:00 – 15:00 (қатысушыларды тіркеу: сағат 08:00 – 08:45).
Өткізу орны:
Астана қ., «Астана медицина университеті» КеАҚ, Бейбітшілік көшесі, 49а.
Тақырыптар
бойынша және қосымша ақпарат алу үшін «Астана медицина университеті» КеАҚ
офтальмология кафедрасының доценті Даутбаева Жібек Сейтхановнаға (+7 777 770
0733, zhibek.dc@gmail.com) хабарласуыңызды
сұраймыз.
Файлдар
- Іс-шара туралы ақпарат / Информация о мероприятии Жүктеу