KZ RU EN
Артқа

Білім алушылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы «Ғылым және Денсаулық: Астана-Ташкент»

13.05.2026 09:00 - 14.05.2026 18:00

«Астана медицина университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасы мен Өзбекстанның медициналық университеттері мен медициналық факультеттерінің резиденттерін, магистранттарын, докторанттарын және жас ғалымдарын 2026 жылғы 13–14 мамырда өтетін

«Ғылым және денсаулық: Астана–Ташкент» тақырыбындағы

I Халықаралық жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.


Конференция бағдарламасына пленарлық отырыс, секциялар бойынша жұмыс, байқау және тақырыптық талқылаулар кіреді.


Конференцияның мақсаты: Қазақстан мен Өзбекстанның жас ғалымдары арасында ғылыми зерттеу тәжірибесімен алмасуға арналған платформа құру және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ішкі аурулар саласындағы зерттеу құзыреттіліктерін дамыту.


Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Астана медициналық университеті» КеАҚ, Бейбітшілік көшесі, 49А.


Іс-шараның форматы: Ташкент мемлекеттік медицина университетімен бірлескен онлайн форматта.


Конференцияның тақырыптық секциялары:

• 1-секция: Кардиология

• 2-секция: Гастроэнтерология

• 3-секция: Пульмонология

• 4-секция: Гематология

• 5-секция: Нефрология

• 6-секция: Эндокринология

• 7-секция: Ревматология


 Қатысу формалары:

·               конференцияға баяндамашы ретінде қатысу (онлайн), ауызша баяндама жасау және тезис жариялау;

·               баяндамасыз тезис жариялаумен қатысу;

·               конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу (онлайн)

·               «Медицинадағы жасанды интеллект» байқауына қатысу


Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, өзбекше, орысша, ағылшынша.


Конференция соңында тіркелген қатысушыларға электронды сертификат беріледі.


Қатысуға өтінімдер қабылдау: 2026 жылғы 21 наурыздан 21 сәуірге дейін.


 «Ғылым және денсаулық: Астана-Ташкент» ғылыми-практикалық конференциясына тіркелу

Файлдар

  • Ақпараттық хат_Информационное письмо Жүктеу
  • Конкурс туралы ереже_Положение о конкурсе Жүктеу