Дәстүрлі медицина мен остеопатиядағы пәнаралық өзара әрекеттестіктің заманауи аспектілері
04.09.2026 09:00 - 04.09.2026 18:00
«Астана медицина университеті» КеАҚ Сіздерді 2026 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында өтетін «Дәстүрлі медицина мен остеопатиядағы пәнаралық өзара әрекеттестіктің заманауи аспектілері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты: Дәстүрлі медицина аясында остеопатияның пәнаралық өзара әрекеттесуінің заманауи аспектілерін ғылыми-практикалық тұрғыда дамыту, оларды емдеу және сауықтыру тәжірибесіне енгізу, сондай-ақ осы бағытта мамандар даярлау.
Конференция бағдарламасына пленарлық отырыс, тақырыптық пікірталастар және мастер-класстар кіреді.
Ұйымдастырушылар: Астана медицина университеті Академик Е.Д. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ҒЗИ, Андрианова В.Л. атындағы Остеопатиялық медицина институтының Орталық Азия факультеті және «Osteopathic Kazakhstan Alliance» РҚБ.
Конференция қатысушылары: Зерттеуші ғалымдар, Қазақстан Республикасының жоғары санатты дәрігерлер, медициналық ЖОО-лардың оқытушылары мен білім алушылары, интерндері, резиденттері, магистранттары, докторанттары және жас ғалымдары қоғам қайраткерлері және дәстүрлі медицина өкілдері қатысады.
Уақыты: сағат 09:00 – 13:00 с. (08:30 – 08:50 с. – конференцияға қатысушыларды тіркеу).
Өткізу орны: Астана қ., «Астана медицина университеті» КеАҚ, Бейбітшілік к-сі 49A, Акт залы.
Конференцияға қатысу тәртібі:
– конференцияға баяндамашы ретінде (оффлайн) ауызша баяндамамен және жарияланыммен қатысу;
– 2026 жылғы 04 қыркүйекте «Астана медицина университеті» КеАҚ тезистер жинағына тезистерді жариялап қатысу;
– тыңдаушы ретінде конференцияға оффлайн қатысады.
Конференция соңында тіркелген қатысушыларға электрондық сертификат беру қарастырылған.
Ұйымдастырушылармен байланыс:
Бағай Назарбайұлы – Академик Е.Д. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының аға оқытушысы, дәстүрлі медицина курсының лектор, электрондық мекенжайы: nazaarbaiulybagay@gmail.com
Манжугетова Разауал Муханбетжановна – Андрианова В.Л. атындағы Остеопатиялық медицина институтының Орталық Азия факультеті басшысы, электрондық мекенжайы: razaul68@mail.ru
Файлдар
- Бағдарлама / Программа Жүктеу