«Туберкулез: заманауи аспектілер, ғылыми зерттеулер және клиникалық практика» атты жыл сайынғы XVII ғылыми-практикалық конференция
03.04.2026 09:00 - 03.04.2026 18:00
Сіздерді Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен өтетін «Туберкулез: заманауи аспектілер, ғылыми зерттеулер және клиникалық практика» атты жыл сайынғы XVII ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.
Өтетінкүні: 2026 жылғы 3 сәуір
Өтетін орны: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 33, 1-қабат, конференц-зал
Конференцияның мақсаты: Туберкулездің алдын алу, диагностикасы және емдеуінің өзекті мәселелерін талқылау, ғылыми және практикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ фтизиатрия және сабақтас салалардағы заманауи зерттеулердің нәтижелерін ұсыну.
Қатысу форматтары:
- ауызша баяндамалар;
- постерлік баяндамалар;
- баяндамасыз қатысу.
Конференцияға тіркелу іс-шара өтетін күні сағат 9:00-ден бастап жүргізіледі және конференция барысында жалғасады.
Сіздердің қатысуларыңызды асыға күтеміз және жемісті ынтымақтастыққа сенім білдіреміз!
Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетінің өкіліне хабарласуға болады: +7 705 656 6410 (Ықтияров Аяз Әбдірахымұлы)
Файлдар
- Ақпараттық хат_Информационное письмо Жүктеу
Тіркелу уақыты 04.04.2026 23:55 аяқталды!
Тіркелу жабық