Реабилитология бойынша білім алушылардың халықаралық олимпиадасы
23.04.2026 09:00 - 24.04.2026 18:00
2026 жылғы 23-24 сәуірде
Астана қаласында Бейбітшілік көшесі, 49а мекенжайы бойынша "Астана
Медицина Университеті" базасында өтетін оңалту бойынша білім алушылардың
Халықаралық олимпиадасын өткізу туралы хабарлаймыз.
Олимпиаданың мақсаты: Білім алушылардың
кәсіби құзыреттіліктерін қолдау және дамыту, халықаралық тәжірибе алмасу,
медициналық оңалту саласындағы теориялық білім мен практикалық дағдылар
деңгейін арттыру.
Олимпиадаға қатысуға шақырылады:
• медициналық
университеттер мен институттардың білім алушылары (медицина, кинезитерапия,
эрготерапия);
• интерндер/ординаторлар/резиденттер.
Қатысуға жіберілмейді:
магистранттар мен докторанттар.
Олимпиада аясында:
• теориялық
және практикалық конкурстық тапсырмаларды орындау;
• клиникалық
жағдайларды талдау;
• командалық
және жеке кезеңдер;
• кәсіби
және клиникалық құзыреттілікті бағалау;
• жеңімпаздар
мен жүлдегерлерді марапаттау.
Олимпиаданың жұмыс тілдері:
қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысу
қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі,жеңімпаздар мен
жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Қатысу тәртібі
Олимпиадаға
қатысу үшін өтінімді толтырып оны электрондық поштаға жіберу қажет: rehab.and.sportmed@mail.ru
Өтінім
нысаны қосымшада ұсынылған.
Өтінім
беру мерзімі — 2026 жылдың 23 наурызына дейін.
Өтінімді
алғаннан кейін қатысушыларға Олимпиаданың мазмұны мен форматы туралы қосымша
ақпарат жіберіледі
Олимпиаданы өткізу кезеңдері
Олимпиада
үш кезеңнен тұрады және мыналарды қамтиды:
• тестілеу — қатысушылардың теориялық
білімін бағалау;
• практикалық дағдылар - симуляциялық
орталық базасында практикалық тапсырмаларды орындау және клиникалық ойлауды,
практикалық және коммуникативтік құзыреттерді бағалай отырып, стандартталған
пациентпен жұмыс істеу;
• стартаптар мен инновациялық жобаларды
ұсыну — олардың инновациялылығын, клиникалық маңыздылығын және практикалық іске
асырылуын бағалай отырып, медициналық оңалту саласындағы идеялар мен жобаларды
таныстыру.
Анықтама үшін байланыс: +7
702 384 0967 (WhatsApp)
Файлдар
- Іс-шара туралы ақпарат / Информация о мероприятии Жүктеу