V жыл сайынғы студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясы «Терінің созылмалы қабыну процестері. Пәнаралық мәселелер»
02.04.2026 08:00 - 02.04.2026 13:00
«Астана
медицина университеті» КеАҚ Сізді 2026 жылғы 2 сәуірде Астана
қаласында өтетін «Мультидисциплинарлық
тәсіл: жалпы практика, дерматовенерология және сабақтас пәндердің өзара
әрекеттесуі» атты V жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық
конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференция
бағдарламасы пленарлық отырысты, секциялық жұмыстарды және тақырыптық
пікірталастарды өткізуді қамтиды.
Конференция ұйымдастырушылары:
Дерматовенерология
және дерматокосметология кафедрасы;
Дәлелді
медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика
кафедрасы.
Конференцияның ғылыми бағдарламасы:
Жалпы
дәрігерлік практикада дерматологиялық ауруларды диагностикалау және қадағалау.
ЖПД
практикасындағы коморбидті жағдайлар: пәнаралық өзара іс-қимыл.
Инфекциялық
және қабыну дерматоздары: пәнаралық тәсіл.
Рационалды
фармакотерапия және антимикробтық төзімділік.
Конференция қатысушылары:
Қазақстан
Республикасының медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық
факультеттерінің студенттері, интерндері, резиденттері, магистранттары,
докторанттары және жас ғалымдары.
Уақыты: сағат
09:00 – 13:00 с. (08:00
– 08:45 с. – конференцияға қатысушыларды тіркеу)
Өткізу орны:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Астана медицина университеті» КеАҚ, Бейбітшілік к-сі 49A,
Акт залы
Файлдар
- Іс-шара туралы ақпарат / Информация о мероприятии Жүктеу