KZ RU EN
Артқа

V жыл сайынғы студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясы «Терінің созылмалы қабыну процестері. Пәнаралық мәселелер»

02.04.2026 08:00 - 02.04.2026 13:00

«Астана медицина университеті» КеАҚ Сізді 2026 жылғы 2 сәуірде Астана қаласында өтетін «Мультидисциплинарлық тәсіл: жалпы практика, дерматовенерология және сабақтас пәндердің өзара әрекеттесуі» атты V жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты, секциялық жұмыстарды және тақырыптық пікірталастарды өткізуді қамтиды.

Конференция ұйымдастырушылары:

Дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы;

Дәлелді медицина курсымен жалпы  дәрігерлік практика кафедрасы.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы:

Жалпы дәрігерлік практикада дерматологиялық ауруларды диагностикалау және қадағалау.

ЖПД практикасындағы коморбидті жағдайлар: пәнаралық өзара іс-қимыл.

Инфекциялық және қабыну дерматоздары: пәнаралық тәсіл.

Рационалды фармакотерапия және антимикробтық төзімділік.

Конференция қатысушылары:

Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық факультеттерінің студенттері, интерндері, резиденттері, магистранттары, докторанттары және жас ғалымдары.

Уақыты: сағат 09:00 13:00 с. (08:00 08:45 с. конференцияға қатысушыларды тіркеу)

Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Астана медицина университеті» КеАҚ, Бейбітшілік к-сі 49A, Акт залы

Файлдар

  • Іс-шара туралы ақпарат / Информация о мероприятии Жүктеу
Тіркелу уақыты 02.04.2026 08:00 басталады!
Тіркелу жабық