Дәлелді медицина тұрғысынан клиникалық практиканың өзекті мәселелері
03.04.2026 08:00 - 03.04.2026 13:00
«Астана медицина университеті» КеАҚ Сізді
2026 жылғы 3 сәуірде Астана қаласында өтетін «Дәлелді медицина тұрғысынан
клиникалық практиканың өзекті мәселелері» тақырыбындағы V ғылыми-практикалық
конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференцияның ғылыми бағдарламасы:
«Жалпы практика дәрігері мен терапевт
жұмысындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті көрсетудің қолданыстағы
қағидаттарының тиімділігі: қазіргі үрдістер, сын-қатерлер және шешу жолдары»;
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек
кезеңінде әртүрлі бейіндегі мамандардың кәсіпаралық өзара іс-қимылы»;
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмектегі
зерттеулер: жүргізу ерекшеліктері, практикаға енгізу»;
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті
ұйымдастырудағы мейіргердің рөлі: үрдістер, инновациялар, тәжірибе алмасу,
кәсіби білім беру және даму»;
«Медициналық жоғары оқу орнында оқыту және
білім беру мәселелері, оқу процесіне заманауи технологиялар мен жасанды
интеллектіні енгізу».
Конференция
қатысушылары:
Қазақстанның медициналық-санитариялық алғашқы
көмек (МСАК) мамандары, мейіргерлер, жас ғалымдар, медициналық жоғары оқу
орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, жоғары медициналық колледждердің
оқытушылары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіби қауымдастықтардың өкілдері.
Уақыты: сағат 09:00 – 13:00
(сағат 08:00 – 08:30 – қатысушыларды тіркеу; сағат 09:00 – 11:30 – пленарлық
отырыс; сағат 12:00 – 13:00 – тақырыптық семинарлар).
Файлдар
- Іс-шара туралы ақпарат / Информация о мероприятии Жүктеу