KZ RU EN
Артқа

Дәлелді медицина тұрғысынан клиникалық практиканың өзекті мәселелері

03.04.2026 08:00 - 03.04.2026 13:00

«Астана медицина университеті» КеАҚ Сізді 2026 жылғы 3 сәуірде Астана қаласында өтетін «Дәлелді медицина тұрғысынан клиникалық практиканың өзекті мәселелері» тақырыбындағы V ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы:

«Жалпы практика дәрігері мен терапевт жұмысындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті көрсетудің қолданыстағы қағидаттарының тиімділігі: қазіргі үрдістер, сын-қатерлер және шешу жолдары»;

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек кезеңінде әртүрлі бейіндегі мамандардың кәсіпаралық өзара іс-қимылы»;

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмектегі зерттеулер: жүргізу ерекшеліктері, практикаға енгізу»;

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастырудағы мейіргердің рөлі: үрдістер, инновациялар, тәжірибе алмасу, кәсіби білім беру және даму»;

«Медициналық жоғары оқу орнында оқыту және білім беру мәселелері, оқу процесіне заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу».

Конференция қатысушылары:

Қазақстанның медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мамандары, мейіргерлер, жас ғалымдар, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, жоғары медициналық колледждердің оқытушылары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіби қауымдастықтардың өкілдері.

Уақыты: сағат 09:00 – 13:00 (сағат 08:00 – 08:30 – қатысушыларды тіркеу; сағат 09:00 – 11:30 – пленарлық отырыс; сағат 12:00 – 13:00 – тақырыптық семинарлар).

Файлдар

  • Іс-шара туралы ақпарат / Информация о мероприятии Жүктеу
Тіркелу уақыты 03.04.2026 08:00 басталады!
Тіркелу жабық