«Медицинадағы тұрақты даму жөніндегі жастар форумы: идеялар, шешімдер және перспективалар» атты Халықаралық студенттік ғылыми форум
09.04.2026 09:00 - 09.04.2026 18:00
Сіздерге «Медицинадағы тұрақты даму жөніндегі жастар
форумы: идеялар, шешімдер және перспективалар» атты Халықаралық студенттік
ғылыми форумның өтетіндігі туралы хабарлаймыз.
Форум 2026 жылғы 9–10 сәуірде Қазақстан
Республикасы, Астана қ., “Астана медицина университеті” КеАҚ базасында
өткізіледі.
Форум жас ғалымдарды, зерттеушілерді және студенттерді
біріктіріп, өзекті ғылыми бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын ұсынуға, тәжірибе
алмасуға және медицинаның заманауи сын-қатерлерін талқылауға мүмкіндік береді.
Қатысу форматы:
·
тезистерді жариялау;
·
ауызша баяндама;
·
хакатонға қатысу;
·
тыңдаушы ретінде қатысу.
Форумның ғылыми
секциялары:
1.
Негізгі медицина және биомедицина ғылымдары;
2.
Патологиялық физиология, патологиялық
анатомия және сот медицинасы;
3.
Микробиология, вирусология, иммунология және
жұқпалы аурулар;
4.
Фармакология, клиникалық фармакология және
фармацевтикалық ғылымдар;
5.
Ішкі аурулар және терапевтикалық пәндер;
6.
Стоматология және стоматологиялық пәндер;
7.
Хирургия және хирургиялық мамандықтар;
8.
Анестезиология, реаниматология және жедел
медициналық көмек;
9.
Педиатрия, балалар хирургиясы және
неонатология;
10.
Акушерия, гинекология және репродуктивтік
медицина;
11.
Неврология, психиатрия және мінез-құлық
медицинасы
12.
Қоғамдық денсаулық сақтау, профилактикалық
медицина, білім беру және цифрлық денсаулық сақтау, әлеуметтік ғылымдар;
13.
Сәулелік диагностика, сәулелік терапия,
ядролық медицина.
Материалдарды тапсыру мерзімдері:
–
Ауызша баяндамалар — 2026 жылғы 25 наурызға дейін;
–
Тезистер — 2026
жылғы 31 наурызға дейін.
Барлық
материалдар сараптамалық рецензиядан өтеді.
Тіркелу:https://conference.amu.kz/index.php
Байланыс:muadrn2026@gmail.com,
+7 705 350 4831
Өтетін орны: «Астана медицина
университеті» КеАҚ, Бейбітшілік көшесі, 49 А, ҚР Астана қ.
Формат:
офлайн
Жұмыс тілдері:
қазақ, орыс, ағылшын
Файлдар
- Іс-шара туралы ақпарат / Информация о мероприятии Жүктеу